Қазақстандық кәсіпқой боксшы «WBO» және «IBF» белдіктерінің иесі Жәнібек Әлімханұлы «Boxrec» рейтингінде көш бастады.
Екінші орынға «WBA» әлем чемпионы, кубалық боксшы Эримланди Лара жайғасты. Ал үшінші орынды «IBO» титулының иесі, британдық боксшы Крис Юбенк иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астана қаласындағы «Барыс Арена» аренасында «WBO» және «IBF» чемпиондық белдіктерін қорғады. Ол қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.