Жаңа өзгерістер жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

0 3

Жаңа Салық кодексіне енгізілген өзгерістер кәсіпкерлік ортаны айтарлықтай жеңілдетеді деп санаймын. Салықтардың саны 20 пайызға қысқаруы шағын және орта бизнеске тыныс береді. Салық есептілігінің 30 пайызға азаюы кәсіпкерлердің әкімшілік ауыртпалығын төмендетеді. Қосылған құн салығының жаңа мөлшерлемесі — 16 пайыз, бұл экономикалық тепе-теңдікті сақтап, бюджет түсімдерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, дәрі-дәрмек пен медициналық қызметтерге ҚҚС-тың төмендетілген мөлшерлемесі әлеуметтік маңызы бар салаларды қолдауға бағытталған. Бұл шара халықтың денсаулығын жақсартуға және дәрі-дәрмек бағасының тұрақтылығына оң әсер етеді. Орфандық ауруларды емдеу және кітап шығару секілді бағыттардың ҚҚС-тан босатылуы да мәдениет пен ғылымды қолдаудың белгісі. Зейнетақы төлемдерінің ЖТС-тан босатылуы зейнеткерлердің қолындағы табысты көбейтеді. Көлік салығының төмендеуі мен мүгедектігі бар адамдарға арналған жеңілдіктер әлеуметтік әділеттілікті күшейтеді. Бірыңғай жер салығы мен төлемақылардың азаюы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашады. Арнаулы салық режимдерінің жеңілдеуі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін аса маңызды. Жалпы алғанда, бұл реформалар салықтық тәртіпті жеңілдетіп, инвестиция мен тұтынуды ынталандырады.