Жаңа газ кен орындары ашылады

0 5

Амангелді газконденсатты кен орны 2003 жылдан бері Жамбыл облысының елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз етіп, елдің әлеуметтік экономикалық жағдайларын тұрақтандыруға өз үлесін қосып келеді. Мемлекет басшысының табиғи газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында «QazaqGaz «ҰК» АҚ 2024 жылдың қараша айынан бері облыстағы Малдыбай құрылымында көмірсутектерді барлау және өндіру туралы келісімшартқа қол қойды. Алдағы уақытта жер қойнауын игеру келісімшартына сәйкес Малдыбай құрылымында «2D» және «3D» сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу, екі барлау ұңғыларын бұрғылау және КСРО дәуірінде бұрғыланған екі ұңғыны қалпына келтіру жұмыстары жоспарланған.

Аталған жұмыстарды атқаратын «QazaqGaz «ҰК» АҚ еншілес ұйымы – «QazaqGaz барлау және өндіру» ЖШС-і бұрын бұрғыланған ұңғымаларды қалпына келтіруді және игеруді, сондай-ақ жаңа барлау ұңғымаларын бұрғылауды қамтитын барлау жұмыстарының жобасын әзірледі. Биылғы жыл ұлттық компанияда геологиялық барлау және күрделі құрылыс жылы деп жарияланып отыр. Бірақ, біз Малдыбай учаскесінде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуді жеделдетіп, алғашқы нәтижелерін 2024 жылы көрсете бастадық. Барлау жұмыстарының нәтижесінде жойылған №4Г ұңғыма қалпына келтірілді.

Бұдан әрі тағы екі барлау ұңғысын сейсмикалық зерттеу және бұрғылау жүргізіледі. Бұл іс-шаралар Малдыбай учаскесін игерудің бастамасы болып табылады. Биыл өндіріс қарқынын арттыру үшін қабатты гидравликалық жару әдісін қолданып, кейін ұңғыманы сынау жоспарлануда. Сондай-ақ бұрын жойылған тағы бір ұңғыманы қалпына келтіру жоспарланған.

Энергетика министрлігінің жол картасы бойынша, Барханды кен орнын биыл іске қосу үшін мердігер мекемемен 30 шақырым газ құбырымен газ жинау және дайындау қондырғысын құру туралы келісімшарт жасалды. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстарын бастауға дайындық жүргізіліп жатыр. Жоспар бойынша ағымдағы жылдың төртінші тоқсанында Барханды кен орнын іске қосу жоспарланған.

Биыл бұрғылау жұмыстары кең көлемде жүргізіледі. Оның ішінде Анабай кен орнында төрт ұңғы, Айрақты кен орнында үш ұңғы, Амангелді кен орнында үш ұңғы, Барханды кен орнында бір ұңғы бұрғылау жоспарланып отыр. Қазір Амангелді, Жарқұм, Айрақты және Анабай кен орындары жұмыс істеп тұр. Сонымен қатар, жаңа кен орындарын іске қосу арқылы ресурстық базаны ұлғайту бойынша жол картасы келісілген. Сондай-ақ, Түркістан облысының Бетпақдала ойпатындағы 2027 жылы іске қосылатын «Придорожное» жобасы, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіледі.