Жамбылдық оқушылар – пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары!

0 5

Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Абай облысы білім басқармасының «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы Шәкәрім университетінде Оқу-ағарту министрінің кубогы үшін мектеп оқушылары арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

Оқушылардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру, өзекті қоғамдық мәселелерді ашық талқылау арқылы олардың шығармашылық және сыни ойлау қабілеттерін дамытуды мақсат тұтқан биылғы турнирге жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарынан 2024–2025 оқу жылындағы облыстық және қалалық кезеңдердің жеңімпаздары атанған 180 оқушы, 60 команда қатысты.

Турнир қазақ, орыс және ағылшын лигалары бойынша өтті. Қатысушылар іріктеу кезеңдерінде және финалдық ойындарда бақ сынады. Нәтижесі төмендегідей болды:

Қазақ лигасында:

І орын – Жамбыл облысы

ІІ орын – Алматы қаласы

ІІІ орын – Қызылорда облысы

Орыс лигасында:

І орын – Қостанай облысы

ІІ орын – Абай облысы

ІІІ орын – Ақтөбе облысы

Ағылшын лигасында:

І орын – Абай облысы

ІІ орын – Ұлытау облысы

ІІІ орын – Шымкент қаласы.

Жерлестеріміз командалық есепте ғана емес, жекелеген сайыстарда да үздік нәтиже көрсетті. Атап айтқанда, жерлесіміз Қайрат Бексейіт 180 оқушының ішінен дара шығып, ерекше ойымен көзге түсіп, турнирдің «Үздік пікірсайысшы» аталымына ие болды.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды, барлық қатысушыға сертификаттар табысталды.

Бұл жеңіс – жас пікірсайысшыларымыздың білімге деген құштарлығы мен табандылығының айқын дәлелі.