Ұшатын паром

0 2

Швеция астанасы Стокгольм суларында электр қуатымен жүретін паром қатынай бастады.

«Кандела» компаниясы құрастырған электр кеме жылдамдығын сағатына 55 шақырымға дейін арттыра алады. «Жалпы алғанда жолаушылар паромдары отынды көп тұтынады. Ал, біздің технология арқылы энергия шығынын 75 пайызға үнемдеуге болады. Осылайша, қалалар арасында қатынау уақыты да едәуір азаяды. Ең бастысы, қоршаған ортаға ешқандай экологиялық залал келмейді», дейді компания басшысы Густав Хассельског.