Велосипед тепкен алғашқы гуманоид

0 7

Қытай ғалымдары велосипед тебуге қабілетті алғашқы гуманоидты жасады. «Lingxi X2» деп аталатын робот тек педальды айналдырып қана қоймай, тепе-теңдікті сақтап, өзі бұрыла алады.

Жасанды интеллектіге негізделген «Lingxi X2» тек велосипедпен емес, самокат пен сигвеймен де қозғала алады. Ғалымдар болашақта бұл роботты үй көмекшісі, дүкен сатушысы және қашықтан басқарылатын аватар ретінде пайдалануды жоспарлап отыр.