Түркиялық 51 жастағы мерген Олимпиаданың күміс жүлдегері атанды. БАҚ мәліметінше, Юсуф Дикеч 5 рет төртжылдықтың басты бәсекесінде бақ сынағанымен Париждегі Олимпия ойындарында алғаш рет жүлдеге қол жеткізген.
51 жастағы Юсуф Дикеч Севайла Илайда Тарханмен жұптасып, пневматикалық тапаншамен 10 метрге атудан күміспен күптелді.
Юсуф Дикечтің бұл сында өнер көрсету стилі көпшілікті таңдандырған. Ол осы спорт түріне арналған шуды басатын құлаққап пен арнайы линзаның орнына қарапайым өз көзілдірігін тағып жарыс жолына шыққан.
Юсуф Дикеч – Севайла Илайда Тархан жұбын сербиялықтар қапы қалдырып, нәтижесінде түрік атқыштары екінші тұғырдан көрінді.