Әрбір мемлекеттің өз тәуелсіздігін айқындайтын басты белгілері болады. Олар – Туы, Елтаңбасы және Әнұраны. Қазақстан Республикасының да еңсесін көтеріп, әлемге танытқан осы қасиетті құндылықтарымызды біз «Мемлекеттік рәміздер» деп атаймыз.
1992 жылдың 4 маусымында Тəуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рəміздері қабылданды. Бұл күн тарихымызда мəңгілікке алтын əріппен жазылып, бүгінде Рəміздер күні ретінде аталып өтеді.
Туымыз – бейбітшілік пен бірліктің, биік арман мен асқақ рухтың белгісі. Елтаңбамыздағы шаңырақ бейнесі ортақ Отанымызды, бірлік пен татулықты білдіреді. Əнұран – əр қазақтың жүрегін жігерлендіріп, намысын қайрайтын асқақ əуен.
Рəміздер – елдің тарихы мен болашағын сабақтастырып тұрған қасиетті құндылық. Сондықтан əрбір қазақстандық оларды қастерлеп, ардақтап, қадірлеуі тиіс. Бұл – Отанға деген сүйіспеншіліктің, патриоттық сезімнің айқын көрінісі. Бүгінгі жас ұрпаққа рəміздерімізді қастерлеу, оларға құрметпен қарау, биікке көтеру – ең үлкен аманат. Өйткені, рəміздер – тəуелсіздігіміздің кепілі.
Осы орайда, Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінде «Ел рəміздері – ұлт рухы» əдеби-танымдық кеші, «Рəміздер – Тəуелсіздік тұмары» патриоттық брейн-рингі, «Мемлекеттік рəміздер – ұлттық мақтаныш» атты дөңгелек үстел отырысы, «Жырға қосам рəмізін Отанымның» атты мəнерлеп оқу байқауы сынды іс-шаралар өткізілді. Онда оқырмандарға мемлекеттік рəміздердің тарихы мен маңызы таныстырылып, еліміздің айрықша белгілерінің мəні жан-жақты түсіндірілді.
Мемлекеттік рəміздерімізге деген мақтаныш сезімін арттыру – əрбір азаматтың қасиетті борышы.