«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі, партия ардагері Қасымхан Төлендиев облыстық аумақтық ауылшаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын міндеттер, Президенттің «Ана тілі» газетіне берген сұқбатындағы маңызды тұстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жұмыстары мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, партияның осы бағыттағы ұстанымы, парасаттылық пен адалдық қағидаттарын насихаттау, қоғамдық сананы жаңғырту жайы да кеңінен сөз болды. Қасымхан Төлендиев Мемлекет басшысының бастамалары – ел болашағы үшін маңызды екенін атап өтіп, оны іске асыру жолында әр азаматтың белсенді болуы қажеттігін айтты.
Кездесуде сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізер кері әсері және оны жою бағытында қабылданған заңнамалар кеңінен түсіндірілді. Іс-шараға қатысушылар Президенттің саясатын қолдайтындарын білдіріп, жемқорлықпен күреске дайын екендіктерін жеткізді.