«Starlink» пайдаланушылары көбейді

0 1

 «SpaceX» компаниясының «Starlink» жобасы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өсіп келеді. Спут­никтік интернеттің белсенді пайдаланушыларының саны 8 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш небәрі жарты жыл бұрын 6 миллион болған.

Инвестор Сойер Мерриттің деректеріне сүйенсек, тамыз айынан бері «Starlink»-ке күніне орта есеппен 14 250 жаңа қолданушы қосылып отырған. Бұл – екі ай бұрынғы­дан шамамен 17 пайыз жоғары өсім. Бүгінде «Starlink» қызметі 150-ден астам ел мен аймақта қолжетімді. Соның ішінде, еліміз­де де бар. Компания жаңа спутниктерді ұшы­ру арқылы желі жылдамдығын арттырып, қамту аясын кеңейтуді жалғастырып отыр.