Сапалы кабель шығарады

0 16

«Талдықорғанкабель» ЖШС 1991 жылы бұрынғы «АгроПромЭнерго» кәсіпорны негізінде құрылды.

2005 жылы кабельдердің үлкен қимасын, сондай-ақ 10, 20, 35 кВ орташа кернеуге арналған полиэтиленнен жасалған кабельдер шығаратын өндірістік цех құрылды. 2010 жылы компания жақын шетелдерден шикізат ретінде сатып алынған алюминий катанкасын қайта өңдеу және құю жабдықтарын сатып алу туралы шешім қабылдады.

Бұл өндіріс зауыттың қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар елдегі және одан тыс жерлердегі өзін-өзі қамтамасыз ететін оқшауланған сым өндірушілерінің де қажеттіліктерін қамтамасыз етті. Сондай-ақ тауарлардағы қазақстандық қамту үлесін 50% – дан 100% -ға дейін ұлғайтуға және республикалық маңызы бар жобаларға табысты қатысуға мүмкіндік берді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын 0,75мм2-ден 1000мм2-ге дейінгі қимасы бар 15000-нан аса кабельдік-өткізгіш өнімдер шығарады. Былтыр компания кабельдік өнімдер мен электр аспаптарын өндіру жөніндегі қызметті дамыту мақсатында инвестицияларға «Банк ЦентрКредит» АҚ-нан несие алды. Жобаға «Даму» қоры 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қолдау танытты.

Нәтижесінде сыйақы мөлшерлемесінің 6% мөлшеріндегі бөлігі субсидияланды, сондай-ақ жоба кепілдік беру құралымен қолдау тапты. Өнімдер барлық талапқа сай келеді және шикізаттың түсуінен бастап дайын өнімге дейін көпсатылы бақылаудан өтеді. Сондай-ақ СТ-KZ сертификаттары және индустриялық сертификат бар. Бұл отандық өндірушінің өнімін растайды. Компания саясатының басым бағыты өндірістік және басқару үдерістерінің сапасын үнемі арттыру.