«Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 91-бабына сәйкес осы Кодексте белгіленген ұсыну мерзімінен кейін бір жыл өткен соң салық кезеңінде табыс етпеген резидент заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер әрекетсіз салық төлеушілер деп танылады:
1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны;
2) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі үш салықтық кезең үшін ойын бизнесі салығы бойынша, тіркелген салық бойынша декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны;
3) егер көрсетілген салықтық кезеңнен кейінгі екі салықтық кезең үшін жеңілдетілген декларация ұсынылмаған жағдайда, мұндай декларацияны ұсынбаған резидент – заңды тұлға, Қазақстан Республикасында қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент – заңды тұлға, сондай-ақ бейрезидент – заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі әрекет етпейтін заңды тұлға болып танылады.
Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілердің тізімін kgd.gov.kz ресми интернет-ресурсында көруге болады.
Салық төлеушіні әрекетсіз деп тану одан әрі кәсіпкерлік қызметке теріс әсер ететінін хабарлаймыз және сенімсіз салық төлеушілер ретінде танылады.
Әрекетсіз деп танылған салық төлеушілер туралы мәліметтер бес жұмыс күні ішінде қабылданған бұйрығына уәкілетті органның интернет-ресурсынан алып тасталады;
1) салық төлеушінің салық есептілігін табыс ету бойынша салық міндеттемесін орындауы;
2)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеушіге олар қолданылған жағдайда,осы Кодексте белгіленген мерзімде салық есептілігін ұсынбағаны үшін айыппұл төленсе.
Барлық туындаған мәселелер бойынша,жұмыс істемейтін салық төлеушілер тізімінен шығару бойынша Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармаға мына мекенжай бойынша жүгіне аласыз; Тараз қаласы, Қ.Қойгелді көшесі,188.