Қорғаныс киімдерінің небір түрін тігеді

0 4

 Тігін тігу өнері еш уақытта өз құндылығын жоғалтқан емес. Бүгінде мұндай кәсіппен «IPM Group» ЖШС компаниясы айналысады.  

Аталған серіктестіктің қазір киім шығаратын цехы бар. Ол жерде химиялық заттардан, мұнай өнімдерінен және механикалық әсерлерден қорғайтын қорғаныс костюмдері, кеудеше сияқты әртүрлі салаға қажет қорғаныс киімдерінің небір түрі тігіледі. Өндіріс киімдері нарықта өз орнын тапқан. Сонымен бірге, компания сенімді жеткізуші ретінде танымал.

Олар Ресей мен Қазақстандағы ірі өндірушілер және әзірлеушілермен ынтымақтаса отырып, құнды тәжірибе жинақтады. Бұл тәжірибе бизнесті кеңейтіп, өндірістік цех құруға негіз қалады. Бизнесті одан әрі жандандыру үшін қаражат керек. Осы орайда компания «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгініп, коммерциялық нысан сатып алды. Нәтижесінде киім тігетін цех ашылып, істері ілгері басты.

«Бірыңғай кешенді бағдарлама» шеңберінде «Даму» қорынан субсидиялау құралын қолдана отырып, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме төмендетілді. Айта кетейік, «IPM Group» ЖШС компаниясы 16-18 мамыр аралығында Астана қаласында «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтетін «Ұлттық өнім» көрмесіне қатысады.