Әр ұлттың өзінің салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары болады. Салт-дәстүр ұлт, халық үшін өмір, қоғамның заңы болып негізделген. Қазақ халқында салт-дәстүрді құрметтеген. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт-дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарған. Мысалы той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік, ата салты болып саналады.
Қазақ халқы салт-дәстүрге бай халық. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы үлкенді, ата-ананы құрметтеу, көрімдік, кәде сұрау, байғазы, сүйінші, сәлем беру, құрдастық қалжың, ат тергеу, немеурін сұрау және тағы басқалар салт-дәстүрге жатады.
Солардың бірі немеурін сұрау. Мысалы көпшілікке өте кеңінен тараған немеурін аталған дәстүр — әке-шешесінен, үлкен әулеттен, қара шаңырақтан енші алып, бөлек шыққан жас отбасына айналасындағы жақын туған-туыстарының әдейілеп беретін көмек. Қазақтың қалыптасан дәстүрлі ортасында үйленіп отбасын құрған ұлдың ата-анасы жастарға еншісін беріп, бөлек шығарарда туған-туыстарын құдайы тамаққа шақырады.
Жаңа өмірге бет алған, отау тіккен жастарға туған-туыстары құтты болсын айта келіп, көмек ретінде жаңа тігілген көрпе-жастық, кілем-кілемше сияқты тағы басқа ең қажетті тұрмыстық бұйымдар және төрт-түлік мал түрлерін ала келетін болған. Әрине, мұндай көмек беру туған-туыстарға жүктелетін міндет емес, ол әркімнің өз еркімен, жай-жағдайына қарай атқарылатын игілікті ісі саналған. Өйткені, отау тіккен балаларына енші беріп, бөлек шығару әркімнің басына түсетін жағдай болғандықтан, қолдағы бар мүмкінкіндіктеріне қарай жас отбасының аяғынан тік тұрып кетуіне, өз алдына үй болып отыруына көмек беріп, қол ұшын созады. Бұл біздің жұртымыздың туысқаншылдығының, бауырмалдығының, қайырымдылығының, мейірімділігінің бір айқын көрінісі.
Міне, осылайша етжақын ағайын-туыс болып жиылып, жас отбасының әрі қарай өз алдына үй болып кетуіне мүмкіндігінше көмектесу мақсатында қол ұшын беріп көмектесуге тырысқан. Бұл дәстүрдің дініміз исламға керағар тұсы жоқ. Керісінше туған-туыс, ағайын-бауырға қол ұшын беріп көмектесуге дініміз де бұйырады.