Адам өміріндегі ең маңызды, үлкен құндылықтың бірі өзінің мықты денсаулығы. Алайда, сол денсаулықты өз қолымен құртып, тәуелділіктің соңынан еріп, жаман ортаға бейімделіп жатқан жастардың саны қаншама. Әлем бойынша қоғамның қасіретіне айналған өзекті мәселенің бірі – ол нашақорлықпен күресу. Ол бір адамның ғана жеке қасіреті емес, тұтас бір мемлекеттің дертіне айналған ауқымды өзекті мәселе.
Есірткі – адамның психикалық тәуелділігін қалыптастырып, ми қызметін бұзып, өмір сүру ұзақтығының қысқаруына дейін әкеледі. Алайда, бұл мәселемен қанша күрес жүргізілгенімен, басқа жолдармен заңсыз түрде есірткінің түр-түрі тасымалданып жатыр.
Елімізде осы есірткінің салдарынан жыл сайын мыңдаған адам зардап шегіп, өмірімен қоштасып жатыр. Бастапқыда адам қызық ретінде қолданып көріп, кейін миы сол нәрсені қатты қалап, тәні өз-өзіне бағынбайтын әсерге әкеліп соғады. Нашақорлыққа алып келетін факторлар әртүрлі болып кездеседі. Көбіне достардың ықпал етуі, қоғамдағы теріс жат-қылықтарға әуестік және адамның өз еркімен қолдануы.
Қоғамның жарқын болашағы үнемі жастар деп шырылдаймыз. Алайда, жастардың айналысып жатқан зиянды әрекеттерін көріп әттеген-ай деп қаламыз. Нашақор адам қоғамға қауіп туғызып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалының өсуіне кері пайдасын тигізетін бірден-бір себеп. Сол себепті, осы жолға түскен адамдарды бірден оңалту орталықтарына жеткізіп, қажетті ем шараларды қолдану қажет. Осы орайда, қылмыстық топтар арасындағы заңсыз есірткі тасылмалдайтындар бойынша да Қазақстан Республикасының заңы жүзінде жауапқа тартылып, бас бостандығынан айыру жазасы ескерілген.
Дегенмен, нашақорлық үлкен қауіп, бірақ, одан сақтануға, арылуға және жеңуге болады. Ол үшін адам өзіне саналы таңдау жасау және жауапкершілікпен қарау. Өзіміз бен болашағымыздың жарқын болуы үшін зиянды әрекеттерден бас тартып, тек қана білімге ұмтылайық. Білімді адамнан текті ұрпақ пайда болады. Есірткі, ішімдік, маскүнемдік, құмар ойын ешқашан жақсы жолға бағыт-бағдар бермейді. Нашақорлықпен қоғам болып бірге күресейік.