Еліміз ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігін алғаннан соң ата-бабалардың арманы орындалып, көк байрағымыз егемен ел аспанында желбіреді. Бұл – мәңгілік ел болуға бағытталған берік қадам еді.
Мемлекеттік рəміздер күні – Тəуелсіз Қазақстан тарихындағы ерекше күн. 1992 жылы 4 маусымда Жоғарғы Кеңес еліміздің Туы мен Елтаңбасын бекітті. Ал, сол жылдың желтоқсанында Əнұранымыз қабылданды. Осылайша Қазақстан тəуелсіз мемлекет ретінде əлемге жаңа бейнесін танытты.
Мемлекеттік рəміздер – кез келген елдің егемендігі мен тəуелсіздігін білдіретін, оның тарихы мен рухын, болмысы мен байлығын айшықтайтын басты нышандар жəне халқымыздың жүрегінен орын алған киелі де қасиетті белгілер. Олар Тəуелсіз Қазақстанның дербестігін айқындайтын басты құндылықтар қатарында.
Туымыздағы аспан түстес көк түс – бейбітшіліктің, тыныштықтың, кеңдіктің нышаны. Күн мен қыран – өмір мен еркіндікті, жарқын болашақты білдіреді. Бүгінде əрбір білім ордасында, мекемеде, халықаралық алаңдарда еліміздің рəміздері биікке көтерілуде. Бұл – ел мерейі мен мақтанышы.
Мемлекеттік рəміздерді құрметтеу – Отанды сүюдің көрінісі. Олар – ұлттық бірліктің, патриоттық рухтың, тəуелсіздіктің символы. Сондықтан рəміздерімізді көздің қарашығындай сақтап, келер ұрпаққа қадір-қасиетімен жеткізе білу керек. Рəміздерді құрметтеу – тек заң талабы емес, бұл – азаматтық борыш, ұлттық намыс пен жауапкершілік. Əсіресе, жас ұрпаққа оны сіңіру – басты міндеттердің бірі. Сонда ғана елдігіміз еңселі, тұтастығымыз баянды болмақ.