Денсаулық сақтау министрлігі бұрмалануды болдырмау үшін 2025 жылдың қаңтар айынан бастап медициналық кітаптарды электронды форматқа ауыстырады. Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов осылай деп мәлімдеді.
Оның айтуынша, электрондық форматты енгізе отырып, жеке медициналық кітапшаларды бірден бірнеше ұйымда ұсынуға болады, бұл азаматтардың қаражатын үнемдейді.
Сондай-ақ 1-шілдеден бастап Қазақстанда 68 миллионнан астам дәрі-дәрмек қаптамасы таңбаланған. Оның ішінде 39 миллионнан астам қаптама импорттық препараттардың үлесіне тиесілі, 29 миллионнан астамы – отандық өндіріс, қазір айналымда 28,5 млн дәрілік қаптама бар.
Бүгінгі таңда медицина қызметкерлері Egov Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөліміндегі QR-код арқылы пациенттерге 470 мың рецепт негізінде тегін дәрілік заттар берді. Осы сервис арқылы препараттарды электрондық беру жөніндегі пилоттық жобаға 700-ден астам медициналық ұйым қатысады. Жыл соңына дейін бұл жоба тегін амбулаториялық дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде препараттар алатын барлық адамды қамти отырып, бүкіл республика бойынша масштабталатын болады.