Көксайлықтар жаңа пәтердің кілттерін алды

0 2

Шымкентте Көксай шағынауданын жаңғырту тұжырымдамасы жалғасуда. Тұжырымдама аясында 66 отбасы тұрғын үй жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды. Тұрғындар тозығы жеткен үйлерден бөлме саны бірдей, әрленген жаңа қонысқа көшірілуде.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Конституция күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесі, 3 мекен-жайындағы апатты үйде тұратын тағы 8 отбасына жаңа пәтердің кілттерін табыстады. Тұрғындарды қуанышымен құттықтап, аталған бағдарламаның мегаполисті дамытуда, халықтың өмір сапасын арттыруда маңызы зор екенін атап өтті.

Жобада көпқабатты тұрғын үйлермен қатар өзге де әлеуметтік маңызы бар нысандарды кезең-кезеңімен салу жоспарланған. Сонымен қатар, аталған елді мекенді кешенді түрде абаттандыру қарастырылған.