Кентте теміржол үстінен өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

0 2

Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Соған орай, ұйымдастырылған салтанатты жиында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналған жұртшылықты құттықтап, жол инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті.

Көлік-транзит саласын дамыту бағытында облыста 2022-2025 жылдары 1600 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерді, 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 150 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді. Өткен жылдың өзінде жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 миллиард 605 миллион теңге қаралып, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтіп жатыр.

Қазалы теміржол вокзалындағы аспалы көпір 1,3 миллиард теңгеге салынған. Жаяу жүргіншілерге арналған көпірді Әйтеке би кентінің арғы бетінде тұратын 13 мыңнан астам тұрғын қолданады. Бұл өткел арқылы 2 мыңнан астам адам күнделікті әрлі-берлі қатынайды.

Жиында көпірді салған мердігер «ҚазТеміржол Engineering» ЖШС өкілдері мен теміржолда қызмет ететін мамандар марапатталды.