Ежелгі балық зауыты

0 3

Белизде археологтер Майя өрке­ниеті пайда болғанға дейін 4000 жыл бұрын аңшылар мен терім­шілер тұрғызған ежелгі балық аула­у арналарының кешенін тапты.

Ғалымдардың есептеуінше, бұл ауқымды құрылыс жылына 15000 адамды азықпен қамтамасыз етіп отырған. Зерттеулер көрсеткендей, ирек арналар жүйесі тек балық аулауға пайдаланылған. Арналар жыл сайынғы тасқын суды арнайы бассейндерге бағыттап, мыңдаған балықты ұстауға мүмкіндік берген. Құрылым дрондар мен спутниктерден түсірілген суреттерді талдау кезінде табылды.