«Google DeepMind» компаниясының ғалымдары әлемдегі ең қиын есептердің бірі «Навье-Стокс» теңдеуін шешуге жақын қалды. Бұл есеп – арнайы тізімге енген мыңжылдық мәселелерінің бірі. Оны шешкен адамға 1 миллион доллар сыйақы беріледі.
Команда бұл есеппен үш жылдан бері құпия түрде айналысып келеді. Оның құрамында белгілі математик Хавьер Гомес Серрано да бар. Оның айтуынша, олар есепті шешейін деп қалған. Бұл теңдеу сұйық пен газдың қозғалысын түсіндіруге көмектеседі. Егер есеп шешілсе, ауа райын болжау, авиация, медицина сияқты салаларда үлкен өзгерістер болады.