Ең ауқымды дрондар шоуы

0 2

Қытайдың Чунцин қаласында ­11787 дрон бір мезетте аспан­ға кө­­те­ріліп, шоу көрсетті. Бұл – әлем­де­гі ең ауқымды дрон шоуы рет­інде Гиннестің рекордтар кітабына енді.

15 минуттық қойылымда дрондар аспанда гүл, тау, көпір бейнелерін жасап, қала күніне арналған құттықтау жазуларын жазды. Чунциннің күрделі рельефіне қарамастан, дрондар мінсіз жұмыс істеді. Іс-шараны 100 мыңға жуық адам тамашалады.