Малайзиялық Аман Шах қаржы операцияларының арифметикалық ерекшеліктерін пайдаланып, ақша ұрлаудың ерекше әдісін ойлап тапқан. Оның схемасы өте қарапайым. Ол әрбір ақша аударымынан бір цент қалдықты өз шотына аударып отырған.
Бұндай болмашы соманың жоғалғанын ешкім байқамағанымен, ұзақ уақыт ішінде оның шотында 4,1 миллион ринггит (шамамен 1 миллион доллар) жиналып қалған. Ақыры банк қауіпсіздік қызметкерлері жүйедегі күдікті жайтты анықтап, оны қолға түсірген. Осылайша, Аман Шах 1990 жылы бес жылға бас бостандығынан айырылады.