Бедерлі алқап

0 3

Туристерді күріш алқабымен де қызықтыруға болады. Оған дәлел – Жапониядағы «Rice Paddy Art».

Бұл өнер туындысы әртүрлі түсті күріш сорттарын белгілі бір тәртіппен егіп, үлкен көлемді суреттер жасау арқылы орындалады. Биіктіктен қарағанда бедерлі бейнелер ерекше әсерге бөлейді. Ауылшаруашылығы мен өнердің ұштасқан тұсы да – осы. Аталған дәстүр алғаш рет 1993 жылы Инакада ауылында басталып, бүгінде бүкіл елге танымал болып отыр.