Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті рет азаматтарды қабылдады.
Өңір басшысына аудандар мен Тараз қаласынан 15 адам ұсыныс-тілектерін жеткізді. Атап айтқанда, абаттандыру, тұрғын үй мен жер, әлеуметтік және медициналық қызмет сапасына қатысты мәселелер қаралды.
Қабылдау барысында агроөнеркәсіптік кешенді, оның ішінде ауылшаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытуға ерекше назар аударылды. Тұрғындар бұқаралық спортты жандандыру бойынша да бастама көтерді.
Әрбір сауал бойынша Ербол Қарашөкеев жауапты сала мамандарына нақты тапсырмалар беріп, өтініштерді бақылауына алды. Өңір басшысы ашықтық пен сындарлы қарым-қатынас жергілікті атқарушы органдардың жұмысындағы басты қағидат екенін ерекше атап өтті.
Жеке қабылдаулар халық пен билік арасындағы тікелей диалогтың маңызды құралы болып қала береді.