5 қаңтардан бастап ел азаматтары көлік нөмірін өз қалауынша таңдай алады. Бұл норма 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгенмен, аталған қызмет бүгіннен бастап қолжетімді болып отыр.
Көлік нөмірінің қажетті сан және әріп комбинациясын мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарынан таңдауға болады. Кез келген сан мен әріп комбинациясын 10 АЕК (43 250 теңге) немесе 15 АЕК (64 875 теңге) төлеп алуға болады.
Тек жоғары сұранысқа ие VIP-нөмірлер үшін төлем мөлшері өзгереді. Мәселен, 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090 және 707 сынды VIP-нөмірлердің құны 57 АЕК (246 525 теңге) болып бекітілген. Осыған ұқсас сандарды бірдей әріптер комбинациясымен таңдаған жүргізушілер 114 АЕК (493 050 теңге) төлеуі тиіс. 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, және 999 сынды сандар тізбегінің құны – 137 АЕК (592 525 теңге). Осы сандарға қоса бірдей әріптерді таңдайтын болсаңыз 194 АЕК (839 050 теңге) төлеу керек.
001-009 аралығы мен 777 сынды нөмірлер құны 228 АЕК (986 100 теңге) болса, осы нөмірлер тізбегінде бірдей әріптен құралған комбинация үшін 285 АЕК (1 232 625 теңге) шығындауыңыз қажет.