Естімеген елде көп. Италиядағы Белькастро қаласының мэрі Антонио Торчиа тұрғындардың ауруына заңмен тыйым салды.
Осылайша шаһар басшысы медицинадағы мәселелерге билік назарын аудартпақ болған. Өйткені, Белькастрода осы күні 1300 адам өмір сүреді. Оның жартысына жуығы егде адамдар. Бірақ медициналық орталықтар көбіне жабық тұрады. Жедел жәрдем көрсету бөлімі 45 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан мэр бұл бұйрықты мысқыл мағынасында түсінген дұрыс дейді.