Орал қаласында «Тұңғыш Президент» атындағы орталық алаңда арқан тартыстан сайыс өтіп, Қазақстанның жаңа рекорды орнатылды.
Саламатты өмір салтын насихаттау, ұлттық мұраны ұлықтау және жастардың спортқа қызығушылығын арттыруды мақсат еткен іс-шарада “Жайық” және “Еділ” командалары күш сынасты. Нәтижесінде, “Жайық” командасы жеңіске жетіп, ел тарихында алғаш рет бір мезетте 200 адам қатысқан ұлттық спорт ойыны ресми түрде Қазақстан рекордтар кітабына енді. Рекордты Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов тіркеп, арнайы сертификатты салтанатты түрде табыстады.
Бұл іс-шара – Ұлттық спорт түрлерін кеңінен танытып, көпшілікті дәстүрлі ойындарға тартудың тиімді бастамасы.