Сыбайлас жемқорлық – қоғамды іштен ірітетін, елдің болашағына қауіп төндіретін індет. Бұл індетпен күресте әр азамат өз ісінде таза болса, ұрпағын адалдыққа тәрбиелесе – ел іргесі берік болады. Сонымен қатар, заңнан бұрын ар мен ұятты биік қою-ең маңыздысы. «Жемқорлықпен күрес – әркімнің өзінен басталады» деген сөз бекер айтылмаған. Ауыл ақсақалының бір әділ сөзі, ұстаздың берген тәлімі, ата-ананың үйдегі тәрбиесі бұның бәрі жас ұрпақтың бойына адалдық дәнін егеді. Сондықтан біз өз ауылымыздың, еліміздің келешегі үшін парасыз, таза өмір салтын қалыптастыруға бірге атсалысуымыз керек.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес тек заңмен немесе жазамен шектелмейді. Ең бастысы – әр адамның ішкі сенімі мен көзқарасы. Қоғамда пара беру мен алудың қалыпты жағдай емес, керісінше заң бұзушылық, әрі ұятты әрекет екенін терең түсінуі қажет.
Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан қоғам дертімен күрес – бұл науқан емес, күнделікті өмір салтына айналуы тиіс. Әр азамат пара бермеуді, заңды бұзбауды, әділдікті қолдауды өзінен бастағаны абзал. Себебі қоғамның тазалығы – жеке адамның таңдауы мен ұстанымынан басталады.