Әлемдегі ең ірі кинофабрика

0 2

Болливуд жылына мыңға жуық фильм түсіреді. Бұл көрсеткішпен ол Голливудты екі орайды. Ал Үндіс­танның басқа аймақтық кино­­орта­лықтарын қосқанда бір жыл­дағы фильм саны 2000-нан асады.

Мұндай көп өнім шығарудың себебі айқын: 1,4 миллиард халқы бар алып нарық, әр өңірдің өз тілі мен мәдениеті бар. Кино үнді халқы үшін басты көңіл көтеру көзіне айналған. Экономикалық тұрғыда Болливуд индустриясы жылына 2,5 миллиард доллардан астам табыс әкеледі.