Бөлексаздықтардың құқықтық сауаты арттырылды

0 3

Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, шешу жолдарын қарастыру мақсатында Бөлексаз ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кездесу ұйымдастырылды. 

Аталған іс-шараға Бөлексаз ауылдық округі әкімі аппаратының құрылымдық бөлімше басшысы Олжас Рамазанов қатысып, ауыл тұрғындарына құқықтық бағытта түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесудің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындаған «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, қоғамда заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Кездесу барысында Олжас Рамазанов тұрғындарға қолданыстағы заң талаптарын сақтау, азаматтардың құқықтарын қорғау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы маңызды мәселелерге тоқталды. Сонымен қатар азаматтарды түрлі құқық бұзушылықтардан қорғау, қылмыстың алдын алу, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы және қоғамдағы қауіпсіз ортаны қалыптастыру бойынша жан-жақты түсіндірме берілді.

Сондай-ақ ауыл аумағында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік және өндірістік бағыттағы жобалар, жаңа нысандардың ашылуы, олардың тұрғындардың тұрмыс сапасын арттырудағы маңызы жөнінде ақпараттар ұсынылды. Кездесуде азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, оларды толғандырған мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер берілді.

Тұрғындар өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, құқықтық мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Ашық пікір алмасу барысында ауыл тұрғындары қоғамдық тәртіпті сақтау, ауылдың әлеуметтік дамуы және тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу қорытындысында Олжас Рамазанов «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында халықпен тұрақты байланыс орнату, құқықтық кеңес беру және азаматтарға көмек көрсету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауатын арттырып қана қоймай, билік пен халық арасындағы өзара байланысты нығайтуға, қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидаларын берік орнықтыруға мүмкіндік береді.