Қасым-Жомарт Тоқаев Игорь Алтушкинмен кездесті

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді.

0 4

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады.

Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.