Еліміздің барлық аймағында алдағы республикалық референдумға орай, кең көлемді ақпараттық жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Бүгінде бұл науқанның маңызды бағыттарының бірі – қалалар мен облыс орталықтарындағы қоғамдық көліктер. Автобустар мен өзге де жолаушылар тасымалдайтын көліктер ақпарат таратудың тиімді алаңына айналып отыр. Бұл тәсіл арқылы тұрғындар конституциялық өзгерістер мен референдумның мән-маңызы жөніндегі мәліметтерді күнделікті сапар барысында көріп, таныса алады.
Ақпараттық материалдар көліктердің сыртқы бетіне де, ішкі салонына да ілінген плакаттар мен цифрлық экрандар арқылы ұсынылуда. Осындай формат кең аудиторияны қамтып қана қоймай, тұрғындармен тұрақты визуалды байланыс орнатуға мүмкіндік береді.