Биыл жаңажылдық шырша қаншадан сатылып жатыр?

0 3

Жаңа жыл қарсаңында шырша саудасы қызып тұр. Тұрғындар үшін таңдау да сан-алуан. Біреулер шынайы өсіп тұрған қылқан жапырақты өсімдікті таңдаса, табиғатқа жаны ашығаны жасанды шыршаны сатып алып жатыр. Тіпті шыршаны бөлмеде өсіріп, көпшілікті таңғалдырып жатқандар да бар.

КТК арнасының дерегінше, шырша сататын базарда құжынаған халық. Бәрі жаңа жылға дайындалып жүр.

Қытайдан әкелінетін үш метрлік жасанды жасыл шыршаның бағасы 180 мың теңге тұрады.

Ал сән салтанаты жарасқан тірі шыршаны шамамен 5-15 мың теңге аралығында сатып алуға болады.