Қоғамымызда нәзікжандыларға қол көтеретін ер-азаматтар әлі де бар. Сондықтан әйел затын зорлық-зомбылықтан қорғаумен құқық қорғау органдары айналысуына тура келеді.
Жалпы сараптама көрсеткендей, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа 25 пен 40 жас аралығындағы әйелдер ұшырайды. Отбасы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу үшін 2009 жылғы 4 желтоқсанда «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР заңы қабылданған болатын. Бұл заң зорлық-зомбылық құрбандарын қорғауды және отбасылық жанжалшыларға қатысты қылмыстық-процестік мәжбүрлеуді қамтамасыз ету мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. 2024 жылдың 4 қазанында ҚР Ішкі Істер министрлігі жанынан тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы басқарма құрылды. Бұл басқарманың құрылуы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресте Қазақстанның саясатын нығайтуға бағытталғандығын, осы арқылы жәбірленушілерге тиімді көмек көрсету, зорлық-зомбылықтың алдын алу және қоғамда осы мәселе бойынша сананы көтеру мақсатында жұмыс жүргізіледі. Алайда, бұл мәселе әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Тұрмыстық зорлықзомбылық сол күйінде маңызды әлеуметтік проблема болып қалып отыр.
Отбасы – тұрмыстық қатынастар саласында және алкогольдік масаң күйде жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында 2025 жылы 20-29 қаңтар аралығында «Тұрмыс» жеделалдын алу іс-шарасы, Республика аумағында 20 сәуір мен 20 маусым аралығында «Отбасында зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» атты челлендж-флешмоб форматындағы ауқымды акция өткізілді. Акцияға 700-ге тарта адам қатысты, оның ішінде ІІО қызметкерлері, әкімдер жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия, мемлекеттік органдар, қоғамдық құрылымдар (ақсақалдар кеңесі, әкелер одағы, әжелер мектебі, аналар кеңесі, келіндер мектебі) өкілдері, сондай-ақ ҮЕҰ, студенттер, жоғары сынып оқушылары, жастар бар. Осы бағытта дөңгелек үстел отырыстары, семинарлар, көшпелі және рейдтік іс-шаралар, жұмыс топтарының кездесулері, қайырымдылық акциялары ұйымдастырылды.
Жәбірленушінің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпараттар болып табылады және олар жария етілмейді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупі туралы полиция бөліміне хабарласып, дер кезінде көмек көрсетілген отбасыларда құқықбұзушылықтың одан әрі өршу деңгейі төмен болады. Байзақ аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері осы тақырыпта жұртшылықпен және жанжалқойлармен, төмен отбасылармен сұхбат және дәрістерді жүйелі өткізіп отырады. Биылғы жылдың бес айында отбасы жанжалдарының алдын алуда 129 қорғау нұсқамасы шығарылып, полиция органдарының өтініш білдіруімен екі отбасындағы жанжалқойлардың мінез-құлқына сотпен ерекше талап қойылды, 145 құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының қызметкерлері Жамбыл облысы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Жамбыл облыстық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету орталығы» Байзақ ауданы әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Отбасын қолдау орталығы» мекемесінің қызметкерлерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Дағдарыс орталығына басым көпшілігінде күйеуі тарапынан күш көрсету, психикалық, экономикалық, сексуалдық зорлық-зомбылық көрген әйелдер орналастырылады.
Әйелдер мен балалар – отбасының ең әлсіз мүшелері болғанымен, олар жанұяның негізгі құраушылары. Әйелдерге жасалатын зорлық-зомбылық тек бір отбасының ғана емес бүкіл қоғамның алдында тұрған қатер. Қоғамда болып жатқан мән-жайларға бейжай қарамай, құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылыққа қарсы күресу әрбір азаматтың өз ар-ұяты алдындағы борышы.