Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

0 77

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы болып Төлеген Сәрсембаев тағайындалды. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің аппарат басшысы Ерғали Егемберды ведомство ұжымымен өткен жиында мәлімдеді.

Төлеген Қапсалықұлы Сәрсембаев – мемлекеттік қаржы саласында мол тәжірибесі бар білікті маман. Ол еңбек жолын 1993 жылы қаржы бақылау органдарында бастаған. Алматы қаласының салық жүйесінде түрлі басшылық қызметтер атқарып, кейін Алматы облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментін басқарды.

Сондай-ақ ол Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары әкімдерінің орынбасары қызметтерінде болып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосты. 2023 жылдың шілдесінен бастап 2024 жылдың мамырына дейін ҚР Қаржы министрінің кеңесшісі лауазымында еңбек етті.

Соңғы қызметі – 2024 жылдың мамырынан 2025 жылдың ақпанына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы болған.

Жаңа басшыға жүктелген жауапкершілік жоғары. Ол өңірдегі салықтық тәртіпті күшейту мен экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында жұмыс істемек.