Құмар ойын – қоғам дерті

0 4

Құмар ойынның шырмауына түсіп, артынан өкінішпен өмір сүріп жүргендер қатары күн санап артып келеді. Онлайн слоттар, рулетка, букмекерлік кеңселер мен түрлі казино платформалары адамдардың қалтасындағы соңғы тиынына дейін тартып, өмірін құрдымға жіберіп жатыр. Мұндай жағдайлар көпшілікті ойландырудың орнына, бұл құбылыстың тереңдей түсуіне жол ашуда. Қоғамдық санада ойынға тәуелділік жеңіл қаралатын мәселе ретінде қабылданғанымен, бүгінде ол мемлекет деңгейінде шешуді қажет ететін әлеуметтік дертке айналды.

Мамандар құмар ойынға тәуелділікті «лудомания» деп атайды. Бұл термин халық арасында кеңінен таралып, бүгінде психологиялық және психиатриялық дерт ретінде мойындалған. Құмар ойындарға рулетка, лотерея, покер, ойын автоматтары, әртүрлі бәс тігулер және жалпы ақшаға ойналатын кез келген ойын түрлері жатады. Адам құмар ойынға алғаш рет кіріскенде оны жай ғана көңіл көтерудің бір тәсілі ретінде қабылдайды. Бірақ, уақыт өте келе кездейсоқ ұтыстардың артынан қума мақсатында өз ақшасын, бағалы мүлкін құрбан ете бастайды. Сөйтіп, ойын қызығынан ойын құрдымына қалай түскенін өзі де байқамай қалады.

Лудоманияның салдары ауыр. Ол адамның тек қаржылық емес, рухани, отбасылық, кәсіби өміріне де кері әсерін тигізеді. Құмар ойынға тәуелділік отбасылардың ойран болуына, адамдардың жұмысынан айырылып, қарызға батуына, тіпті кей жағдайларда өз-өзіне қол жұмсауына дейін апарады. Сондықтан бұл мәселені тек жеке адамның әлсіздігі деп емес, тұтас қоғамға қауіп төндіретін күрделі дерт ретінде қарастыру қажет.

Қазақстанда соңғы жылдары құмар ойындармен күрес күшейтілді. 2026 жылға дейінгі арнайы жоспар әзірленіп, нақты шаралар қолға алынды. Солардың бірі — 2023 жылдың 9 қыркүйегінен бастап мемлекеттік қызметкерлердің құмар ойын ойнауына заң жүзінде тыйым салынуы. Енді мемлекеттік, әскери, арнайы және құқық қорғау органдары қызметкерлері, сондай-ақ бюджеттік ұйым басшылары бәс тіге алмайды. Бұл талапты бұзғандар қызметінен босатылады. Сонымен қатар, қарызы бар тұлғалардың құмар ойындарға қатысуына шектеу қойылды. Бұл — азаматтарды қаржылық тығырықтан сақтау мақсатында жасалып жатқан нақты қадам.

Мемлекеттің лудоманиямен күресте белсенді қадамдарға көшуі құмар ойындарға тәуелділікті азайтуға бағытталған. Жоспар бойынша 2026 жылға дейін тәуелді азаматтардың санын 42 пайызға қысқарту көзделіп отыр. Бұл бағыттағы жұмыс тек заң жүзінде шектелмей, психологиялық көмек, ақпараттық түсіндіру және алдын алу шараларымен қатар жүргізілмек.

Құмар ойын – ойын емес. Ол адамды азғырып, ақырында барынан айырады. Сондықтан қоғам болып, бұл дертке қарсы күресуді жалғастыру қажет. Мемлекет тарапынан жасалып жатқан шаралар – адамның сапалы