Ауыруға заңмен тиым салды

0 2

Естімеген елде көп. Италиядағы Белькастро қаласының мэрі Ан­тонио Торчиа тұрғындардың ауруына заңмен тыйым салды.

Осылайша шаһар басшысы меди­цинадағы мәселелерге билік назарын аудартпақ болған. Өйткені, Белькастрода осы күні 1300 адам өмір сүреді. Оның жартысына жуығы егде адамдар. Бірақ медициналық орталықтар көбіне жабық тұрады. Жедел жәрдем көрсету бөлімі 45 шақырым жерде орналасқан. Сондықтан мэр бұл бұйрықты мысқыл мағынасында түсінген дұрыс дейді.