14-16 мамырға ауа райы болжамы жарияланды

0 7

“Қазгидромет” РМК 14-16 мамырға ауа райы болжамын жариялады.

Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады: еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін және жел күшейеді.

14-15 мамырда еліміздің солтүстігі мен орталығында, 15-16 мамырда шығыста, 16 мамырда оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. 16 мамырдан бастап солтүстік-батыс енуімен республиканың батысында, солтүстік-батысында және солтүстігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі күтілуде.